Тараздық дәрігерлер күрделі операция жасады
38 жастағы Бауыржан Әйнекбаев бір жарым жыл бұрын өзенге секіремін деп мойын омыртқасын зақымдап алады.
Салдарынан сал болып қалады. Дәрігерлер жұлыны қысылған науқасқа операция жасап, тамағына трахеостомалық түтікше салған. Бірақ кейін кеңірдегінің тесілген жері тыртықтанып, тарылып тыныс жолын жапқан. Содан бері аппараттың көмегімен аман жүрдім, - дейді науқас.
Бауыржан Әйнекбаев, Байзақ ауданының тұрғыны:
- Түтікше бітеліп қалатын қақырық толып. Келіншегім аппаратпен қасымда жүретін. Сәл қырылдап қалса, ауа жетпей қалады. Шетел асып кете жаздадық.
Бауыржанның туыстары шет елде ем алу үшін жолдама сұрап, денсаулық сақтау басқармасына барған. Дегенмен дәрігерлер консилиумында отаны облыстық ауруханада жасау керек деп шешіпті. Ал хирургиялық емнің бұл түрін елімізде бірнеше маман жасайды. Солардың бірі Жандос Сейдахметов. 20 жылдық тәжірибесі бар маман, 15 мыңнан аса ота жасаған.
Жандос Сейдахметов, облыстық Көпбейінді аурухананың бас дәрігерінің орынбасары:
- Тәжірибе алмаса отырып, Ұлттық ғылыми транспалогия және онкология орталығыменен және біздің көпбейінді ауруханасы тәжірибе алмаса отырып, бірге сол ота осы жерде жасалды. Біздің бас дәрігеріміздің басшылығыменен 2023 жылдың ақпан айынан бастап таракальный хирургия ашылды. Сол себепті біз осы трахея өкпе обыр ауруларынн біз осы таракальный хирургияда жасай береміз.
Кеңірдекті қайта жалғау процесі 4 сағатқа созылған. «Бәрі сәтті өтті дейді», - дәрігерлер. Дегенмен операция қандай қиын болса, одан кейінгі күтім де ауыр, - дейді мамандар.
Бақыт Наханов, анестезиолог-реаниматолог дәрігер:
- Бұндай науқастарды біз 3-4 тәулікке жасанды комаға ұйықтатамыз. Ол науқастың мойны, денесі қимылдамау керек. 4 тәулікте науқасты комадан оятып, трубканы аламыз. Бақылау барысында науқас оянғаннан кейін өзі демалып, даусы шығып, бұрынғы қалыпты демалып жатты.
Өмірінің 50 жылын хирургияға арнаған профессор Сағындық Ордабеков, мамандардың бұл жетістігіне жоғары баға беріп отыр.
Сағындық Ордабеков, облыстық Көпбейінді аурухананың бөлім меңгерушісі:
- Жастар өте ынталы. Интернет арқылы әлеуметтік желі арқылы көпнәрселерді дер кезінде зерттеп зерделеп одан кейін күнднлікті практика енгізіп жатыр. алдағы уақытта әрдайым біздіңі отандық медицина шетелдік медицинадан қалмайды, терезелері тең болады деп ойлаймын.
Бауыржан жарты ай ауруханада ем алып үйіне оралды. Өмірін аман алып қалған ақ халаттыларға алғыстан басқа айтары жоқ. Ол қайта аяққа тұрып, отбасының нәсібін өзім тапсам, - дейді.
Авторлары: Мерей Бает Бақытжан Бапаев Елдар Байділдә