Алматы тұрғындарының еміне тоғыз айда ₸220 млрд жұмсалды
Биылғы жылдың тоғыз айында алматылықтардың тегін және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында емделуіне 220 миллиард теңге жұмсады, деп хабарлайды 24kz.
Бұл жылдық бюджеттің 66%-іне тең. Бұл жайында қордың Алматы филиалының директоры Ілияс Мұхамеджан хабарлады. Шығынның басым бөлігі стационарлық көмекке жұмсалған. Диагностика мен зертхана талдауларына да біраз қаржы кетіпті. Қор есебінен бірнеше жоғары технологиялы операциялар жасалып жатыр. Десе де, Алматыда шамамен 500 мың адам сақтандыру жүйесіне әлі енбеген. Сондай-ақ осы қаражатты игеріп отырған емханалар мен ауруханалардың қызмет сапасы тексерілді.
Ілияс Мұхамеджан, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Алматы қ. филиалының директоры:
- 2024 жылдың сегіз айында қор алматылық емханалар мен ауруханалардан 335 мың кемшілік анықталды. Оларға 2,5 млрд теңге айыппұл салынды. Салыстырмалы түрде былтыр осы мерзімде 143 мың дефекті табылып, айыппұлдың көлемі 971 млн теңгені құрайтын. Былайша айтқанда, 2,6 есе өсті. Кемшіліктің басым бөлігі 324 мыңы емханаларға тиесілі. Оларға 1 млрд теңге айыппұл салынды.