Елімізде донор тапшылығын азайту үшін заңдық өзгерістер енгізілуі мүмкін
Медицина саласы қарқынды дамыған сайын трансплантологияға жүгінетін науқастар саны көбейері анық. Алайда, донор тапшылығы саланың дамуына тұсау болып тұр, деп хабарлайды 24kz.
Елде 4 мың адам донорлық ағзаға зәру. Науқастардың ішінде ең көп сұранысқа ие ота түрі немесе ең көп сұранысқа ие орган ол – бүйрек. Дәл қазіргі таңда Қазақстанда осы бүйрек алмастыруға кезекте тұрған 3661 ересек адам және 85 бала бар.
Елде кейінгі 4 жылда адам ағзасын ауыстыру бойынша 926 операция жасалған. Десе де, кезекте тұрған адамдардың саны 4 мыңнан асып жығылады. Яғни, жасалып жатқан транслантологиялық ем-домның саны жеткіліксіз екенін аңғаруға болады. Ал донорлықтың өзі екіге бөлінеді. Яғни, тірі донорлық пен мәйіттік донорлық. Сол бізде жасалынған 926 транслантологиялық операция барысында 851 тірі донордан ағза алынған екен. Ал мәйіттік донорлардың үлесі бар болғаны 8,3%-ті құрайды.
Тірі донорлар дегеніміз, бұл көбіне-көп науқас адамның жақын адамдары, тума-туыстары. Мәйіттік донор табылмағандықтан, адамдар өз жақынына бүйрегінің не бауырының жартысын беруге келісім береді. Бұл енді қалыптасқан практика. Алайда, бұның жағымсыз тенденция екенін де айтуда. «Өйткені ағзасын берген адамдардың өздері де қауіп тобына кіретін болады, кейін транслантацияға мәжбүр болуы мүмкін», - дейді дәрігерлер. Жалпы бұның өзі тұтастай алғанда ұлт денсаулығына әсер етуі мүмкін.
Енді келесі графикаға кезек берсек. Мұнда елімізде кезекте тұрған азаматтардың қандай ағза алмастыру операциясына зәру екені көрсетілген. Мұнда көріп тұрғанымыздай, бүйрек пен бауыр алмастыруа кезекте тұрғандардың саны көп. Сол сияқты жүрек алмастыруға зәру жандардың саны – 136 ересек және 5 бала бар екен.
Осы көрсеткішті азайту үшін елде алдағы уақытта түсіндіру жұмыстары, заңдық өзгерістер де енгізілуі мүмкін.
Назгүл Жилгельдина, Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық директорының орынбасары:
- «Туысыңызда ми өлімі анықталды» дегенде көп адамдар бас тартады, «оның жүрегі соғып жатыр» деп, ми өлімі анықталған адамда биологиялық өліммен тең. Орташа есеппен айтқанда, 60-70% донор анықталғанда, 90%-і бас тартады. Сол себепті 7 донор болды, биыл 5 донор болды. Қазігі таңда Қазақстанда келісу презумциясы енгізіліп отыр. Қай уақытта да тусымен сөйлесеміз. Басқа елдерде, мысалы Белоруссияда келісу презумциясы бар. Егер тірі кезінде өтініш жазбасаң, онда сен потенциалды донор болып есептелесің. Біздер соны ендігі жылдары бастаймыз. Қазіргі таңда Қазақстанда түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.