Елде жыл сайын 40 мың адам инсульт алады
Елде жыл сайын 40 мыңға жуық адам ми қан айналымының бұзылуына ұшырайды.
Былтырғы көрсеткіш 45 мыңға дейін өскен. Өкініштісі, инсульт алған науқастардың 13%-ға жуығы ауруханада, 6%-ы шығарылғаннан кейін 1 ай ішінде қайтыс болған. Жаһандық статистикаға сәйкес жылда 12,2 млн адам инсульт алады. Науқастардың жалпы саны 101 млн-нан асады. Жыл сайын 6,5 млн адам дерттен көз жұмады. Жедел медициналық көмек жылдам көрсетілсе, науқастың мүгедек болу ықтималдығы төмен болады дейді мамандар. Қазір елде 81 инсульт орталығы бар. Оның 62-сінде толыққанды ем көрсетіледі. Науқастарға тромболитикалық дәрі тегін беріліп, операция тегін жүргізіледі.