Елде бір аптада 171 мың адам ЖРВИ жұқтырған
Бір аптада 171 532 адам жедел респираторлық вирус жұқтырған.
Ал жыл басынан бері 544 мың науқас анықталған. Дегенмен бұл былтырға қарағанда 27 пайызға аз. Бас-аяғы жылына 4-5 млн қазақстандық осы вирусты жұқтырса, 2 мың адам тұмау тиіп ауырады. Бұл жайлы бас санитар Сархат Бейсенова баяндады.
Сархат Бейсенова, ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері:
- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша болжамға сәйкес алдағы эпидемиялық маусымда тұмаудың 3 штамы өзекті болады. Олар 2024-2025 эпидемиялық маусымға арналған вакцинаға енгізілген. Ағымдағы жылы бюджет қаражатынан Ресейде өндірілген грипо + вакцинаның 2 207 000 дозасы сатып алынды. Бұл халқымыздың 11% қамтуға мүмкіндік береді.