Жезқазғанда тұңғыш рет тың әдіспен операция жасалды
Жезқазғанда тың әдіспен жасалған операция сәтті өтті, деп хабарлайды 24kz.
Науқастың төмен түсіп кеткен бүйрегі басқа органға зиян келмейтіндей аз инвазивті әдіспен тігілді. Күрделі операция қарағандылық хирургтардың жетекшілігімен жасалды. Олар екі күн бойы тағы бірнеше операция жасап, шеберлік сағатын өткізді. Тәжірибе жинаған жергілікті дәрігерлер: «Болашақта мұндай отаны өзіміз жасаймыз», - деп отыр. Бұған дейін науқастар күрделі операция жасату үшін Қарағанды мен Астана қалаларына баратын.
Сәбит Атабаев, уролог дәрігер:
- Әрине, бұл бізге өте үлкен тәжірибе. Неге десеңіздер, бұрын да бізде бұл ота ашық түрде жасалатын. Енді біз жаңағы аз инвазивті дейді ғой, лапроскопиялық жолмен. Бұл отаны әрі қарай да осы жолмен жасаймыз деген үміттеміз.