Қазақстанда 3 млн адам остеопорозбен ауырады
Елімізде бүгінде остеопороз ауруы жасарып барады, деп хабарлайды 24KZ. Дәрігерлер осылай деп дабыл қағып жатыр. Бұрын онымен 60-70 жастағылар ауырса, қазір оған 40 жастағы азаматтар шалдығып отыр.
Бұл дертпен ауырғандар сүйегі әлсіреп, салдарынан ол сынғыш болады. «Остеопороз әсіресе егде жастағы азаматтарға қауіпті», – дейді мамандар. «Остеопороз инфекциялық емес» ауруы өзге дерттердің арасында 4-ші орында тұр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, қазір оған шалдыққандардың 80%-і – әйел, ал 20%-і – ер адамдар. Қазақстанның өзінде 3 миллионнан астам азамат сүйек тінінің сарқылуынан зардап шегіп жүр. Бұл дерт тікелей дене бітімге байланысты.
Айта кету керек, жыл сайын 20 қазанда Дүниежүзілік остеопорозға қарсы күрес күні аталып өтеді. Бұл күні мамандар тұрғындарға аурудың қаупін түсіндіріп, оның алдын алу жолдарын айтады.