Астаналық дәрігерлер Семейде күрделі операция жасады

Президент ісі басқармасы медициналық орталығының дәрігерлері Семейге барып, 3 күн бойы күрделі операция жасап, науқастарға кеңес берді.

Эпилептолог, кардиолог және нейрохирург секілді 30-ға жуық кәсіби маман қабылдау жүргізді. Жалпы орталық мамандары 13 аймақты аралап, 200-ден астам күрделі операцияны сәтті жасаған. Өңірлердегі дәрігерлер үшін 300-ге жуық дәріс оқыды.

Аян Әбдірахманов, ҚР ПІБ медициналық орталығы ауруханасының бас аритмологы:

- Ишемиялық аурумен ауырған науқастардың аластау фракциясы. Сократительный функциясы төмендеп кеткен кезде. Кенеттен жүректен өліп кету себептері көбейеді. Сол рискті азайту үшін қазір операция жасайды.

Бауыржан Әзизов, зертхана меңгерушісі:

- Президенттік аурухананың ең үздік дәрігерлері келіп шеберлік сағаттарын жүргізіп жатыр. Бүгінде бізде көптеген операциялар мен консультациялар бар. Бұл мастерлік сағаттардың біздің жас дәрігерлер және біздің өзіміге тәжірибесі зор.