Қазақстанда бірыңғай цифрлық денсаулық сақтау кеңістігі құрылады
Елде клиникалық бейнелердің орталықтандырылған ұлттық мұрағаты құрылады, деп хабарлайды 24kz.
Бірыңғай цифрлық кеңістік пациенттер деректерінің қауіпсіздігі мен дұрыс сақталуын қамтамасыз етеді. Премьер-министр GE HealthCare компаниясының өңірлік президенті Костас Делигианниспен кездесіп, жобаның жай-жапсарын талқылады. Бүгінде еліміздің медициналық мекемелері аталған өндірістің 3 мыңнан астам жабдығын пайдаланады. GE Healthcare алаңдарында 6 мың маманымыз оқытылды. Таяуда Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ел аумағында GE HealthCare жоғары технологиялық диагностикалық медициналық жабдықтарының жаңа өндірісін ұйымдастыру туралы келісімге қол қойылды. Еске салайық, GE HealthCare General Electric – цифрлық шешімдер мен деректерді талдау жүйелерін енгізуде әлемдік көшбасшылардың бірі.