«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты жеңімпазының жобасы ел емханаларында қолданылады
Еліміздегі емханаларда отандық ІТ мамандардың жобасы пайдаланылатын болды.
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпазы алматылық Нұрлан Бейімбеттің өнертабысы емделушінің өмір сүру сапасын жақсартуға және денсаулық сақтаудағы шығындарды азайтуға бағытталған. Яғни Med деп аталатын платформа - созылмалы жүрек ауруы, артериялық гипертензия, қант диабеті бар диспансерлік есептегі науқастарға арналған. Осы емделушілер күніне екі рет сауалнамадан өтеді, нәтижесінде бағдарлама олардың денсаулық жағдайын анықтайды. Егер қалыпты жағдайдан сәл өзгеріс болса, науқас онлайн тағайындамалар алады. Егер қауіп-қатер жоғары болса, бұл туралы учаскелік дәрігерге хабарланады.