Қалдықтарды автоматты түрде бақылайтын жүйе орнатылды
Өнеркәсіптік қалдықтар қоршаған орта мен халықтың денсаулығына әсер етеді.
Ұлытау облысында зауыт-фабрикалардан шығатын қалдықтарды автоматты түрде байқылайтын жүйе енгізілді. Автоматты мониторинг Жезқазған жылу энерго орталығы және мыс зауыты секілді өңірдегі төрт кәсіпорында орнатылды. Яғни өндіріс орындарына бірнеше датчик қойылады. Сол арқылы ауаға, суға шығарылатын қалдықтың қаншалықы зиянды екені анықталады. Қондырғылардың барлығы әзірге сынақ режимінде жұмыс істеп тұр. Олардан алынған ақпарат бірден Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкіне түседі.
Әмірхан Тарғынов, облыстық экология департаменті басшысының орынбасары:
- Онлайн түрде шығарындылар мен төгінділердің нақты көлемдерін көруге болады. Егер шамадан тыс асып кетіп жатса, инспекторлық шаралар қолданылады.