Бір донор төрт адамның өмірін сақтап қалды
Шығыс Қазақстан облысында мәйттік донор 4 адамның өмірін сақтап қалды.
Инсульт алған 39 жастағы азаматтың жағдайы ауырлап, оған бас миының өлімі диагнозы қойылған. Туыстарымен жүргізілген әңгімеден соң, олар марқұмның қажетті ағзасын алуға келісім берген. Алты сағатқа созылған операциядан кейін мультиорганды ағзалар санавиация арқылы Астанаға жеткізілді. Осылайша бүйрек ауыстыруға мұқтаж 9 жастағы қыз бала мен 58 жастағы кісінің өміріне араша түсуге мүмкіндік туды. Жүрек пен өкпе де трансплантацияға зәру науқастарға үміт сыйлады. Сала өкілдерінің айтуынша, мәйттік донор тапшылығы әлі де өзекті. Ел бойынша күту парағында 4080 адам тіркелсе, соның 300-ге жуығы Шығыс Қазақстан облысында тұрады.
Аслан Нұрғалиев, ШҚО бойынша трансплант-үйлестіруші:
- Негізі донордың туысқандарына үлкен тағзым үлкен рахмет. Бір жыл көлемінде екі рет, толық бір жылда екі рет беріп отырмыз.Бізде ШҚО сол екі мәйіттік донор арқасында біз 9 адамның өмірін сақтап қалдық.