Отандық Cerebra AI стартапы Шанхайдағы көрмеде таныстырылды

Диагностика бойынша отандық Cerebra AI стартапы Шанхайдағы көрмеде таныстырылды, деп хабарлайды 24kz.

Компьютерлік томография бойынша инсульт белгілерін анықтау үшін инновациялық шешімдер әзірлейтін қазақстандық Cerebra AІ компаниясы шетелдік нарықта да қызметін кеңейтіп жатыр. Қазақстандағы 47 инсульт орталығында бағдарламалық қамтамасыз етуді 700-ден астам нейрохирург пен невропатолог белсенді пайдаланады. Технология Өзбекстан мен Сауд Арабиясының ауруханаларында да енгізілген.

Арман Оспанов, Cerebra AI компаниясының директоры:

- Қытай – біз үшін стратегиялық маңызды нарық. Біз мұнда жергілікті компаниялармен танысуға, өнімімізді көрсетуге әрі ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылауға келдік. Қытай технологияларды әзірлеу саласында көш бастап тұр. Сол себепті біз мұнда тәжірибе алмасып, бизнесіміздің көкжиегін кеңейте алатынымызға сенімдіміз.