Өзі қозғала алмайтын балалар үшін мектепте жеке көмекші тағайындалады
Өздігінен қозғала алмайтын балалар үшін мектепте жеке көмекші тағайындалады.
Жалпы елде арнайы қолдауға мұқтаж балаларға арналған 1071 кабинет жабдықталған. 496 ұйым жұмыс істейді. Мектептердің 88 пайызында және колледждердің 80 пайызында инклюзивті білім жүйесі енгізіліп, тиісті жағдай жасалған. Енді мектептерде «Педагог-ассистент» қызметі пайда болады. Олардың санын бір жылда мыңнан 2,5 мыңға дейін арттыру міндеті тұр.