Қарақұдық ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салынды

Қарағанды облысының Қарақұдық ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді.

Бұған дейін тұрғындарға медициналық қызмет түрлері ескі ғимаратта көрсетіліп келген. Жалпы биыл өңірде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 14 нысан ашылды. Ал жыл соңына дейін тағы 27 мекеменің құрылысы аяқталады. 

Қарақұдық ауылында 600-ден астам адам тұрады. Бұрынғы медициналық нысанда тек алғашқы жәрдем көрсетілетін. Енді жаңа фельдшерлік-акушерлік пункте қызмет түрлері көбейді. Мұнда аяғы ауыр әйелдер, сырқат жандар қаралады. Тіпті қажет болған жағдайда қаладағы ауруханаларға жолдама беріледі. Анализ тапсыру үшін 35 шақырым қашықтағы аудан орталығына барудың қажеті жоқ, - дейді ауыл тұрғыны Роза Қарашина.

Роза Қарашина, Қарақұдық ауылының тұрғыны:

- Бізге жақсы болды, қолайлы. Ішіндегі барлық медаспаптары жақсы. Анализді осы жерге тапсырамыз. Бүрынғыдай Бұқар жырауға шапқыламайтын болдық.

Жаңа ғимаратқа көшкен дәргерлердің де жұмысы айтарлықтай жеңілдеді.  Бұрын қажетті жабдықтардың жоқтығынан олардың қолы қысқа еді. Одан қалды ескі ғимаратта от жағылатындықтан, бөлмелерін ыс басып кететін.

Айсана Елубаева, акушер:

- ФАП ашылмай тұрып медпункт ескі ғимаратта болған. Сол жерде кісілерді абылдадық. Ол жерде тозып біткен құралдар болды. Ол жерде от жағылды. Бөлмелері бар, кішкене кірлеу болды.

Ұлттық жоба аясында биыл Бұқар жырау ауданындағы үш ауылда фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Ал облыс аумағында 47 медициналық пункт, 34 фельдшерлік-акушерлік пункт және 11 дәрігерлік амбулатория салу жоспарланған.

Руслан Нұрланұлы, Сайлау Игіліков, Зарина Зұлпыхар