«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Бадам станциясына аялдады
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Түркістан облысына жетті, деп хабарлайды 24kz.
Жеті ай бұрын Астанадан жолға шыққан 30-дан астам дәрігер Бадам станциясы тұрғындарын тегін медициналық тексеруден өткізіп жатыр.
Дәрігерлер қажет болған жағдайда науқастарды жоспарлы емдеуге жолдама беріп, күрделі операция жасатуға көмектеседі. Сонымен қатар әлеуметтік жобаға кәсіби медиаторлар мен заңгерлер де қосылды. Осылайша, жергілікті жұрт құқықтық көмек алып жатыр. Осы күнге дейін жылжымалы кешен 90-нан астам станцияға аялдады.
Руслан Зиядаев, Темірлан ауылының тұрғыны:
- Алдын футбол ойынында белімді ауыртып алған болатынмын. Соған белім ба, әлде грыжа болды ма, соны тексертуге келдім. Қазір бүйректі УЗИ-ге түсірдім. Егер бел ауыруы грыжадан болса онысын айтып береді. Қазір қағазбен жолдама берді. Соны тексерілуге бара жатырмын. Ризамын. Осылай келіп тұрса, әрдайым денсаулығымызды тексеріп отырса, жақсы ғой.
Әсия Омарбекова, жалпы тәжірибе дәрігері:
- Пациенттердің барлығы лабороториялық-инструменталды зерттеулерден және УЗИ, рентген инструменталдық зерттеулерден өткізіп, барлық керекті мамандарына қаралып, осы жерде өздерінің денсаулықтарын тексертіп, біліп кетіп жатыр.