Қазақстанда күніне қант диабетіне шалдыққан 100 адам тіркеледі

Бүгін дүниежүзілік қант диабетіне қарсы күрес күні.

Бұл диабеттің алдын алу, диагностикалау және емдеуге көбірек көңіл бөлу қажеттігін еске салатын атаулы дата. Себебі қазір халықаралық диабет федерациясының мәліметіне сүйенсек, әлемде 537 млн адам диабетке шалдыққан. Оның 95 пайыздан астамы 2-типті науқастар. Бұл ауру әдетте тек ересек адамдарда жиі кездессе, қазір балалар мен жасөспірімдер арасында да байқалып келеді. Оған тамақтану мен өмір салтының әсері бар дейді мамандар.

Елдегі жағдайға келер болсақ, биыл Қазақстанда 486 мың 174 науқас тіркелген. Оның 456  573-інде 2-типті диабет анықталды. Дәрігерлердің айтуынша, күніне шамамен 100 науқас тіркеледі. Бұл әрине алаңдайтын мәселе. Ал балалар мен жасөспірімдер арасында 5300 адам диабеттің 1-типі, 400 адам 2-типімен ауырады.

 

Қазақстандағы қант диабетіне шалдыққандар саны

2024 жылы – 486  174 

                        456  573 – 2-тип

Күніне 100 науқас тіркеледі

Балалар мен жасөспірімдер арасында

5300 – 1-тип

400 – 2-тип