Қант диабетіне шалдыққандарға дәрі-дәрмек тегін беріледі

Елде диабетке шалдыққан науқастарға дәрі-дәрмек тегін беріледі.

Бұл үшін мемлекеттен 45 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді. Бұл елдегі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бюджетінің 27 пайызына тең. Және ол онкологиялық, сирек кездесетін дерт түрлері, сондай-ақ жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларына жұмсалатын шығындардан асып түседі.