Балалар арасында семіздік екі есеге артты
Соңғы бес жылда балалар арасында семіздік екі есе өсті.
6 мен 9 жас аралығындағы балалардың 20 пайызы жоғары дене массасына ие, 7 пайызы семіздікке шалдыққан. Бұның бірден бір себебі тәтті сусындарды жиі пайдалану деді денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев. Бүгінде балалардың 20 пайызы тәтті сусындарды күнде ішеді, 50 пайыздан астамы апта оны тұтынады. Бұл семіздік, жүрек қантамыр аурулары, екінші типті қант диабеті, тіпті онкологияның пайда болуына әкелетін өнімдердің бірі. Дене массасының өсуіне тікелей әсер ететін факторлардың бірі де тәтті сусындар деді вице-министр. Осы орайда аталмыш өнімдерге салықты арттыру жоспарланып отыр.
Тимур Сұлтанғазиев, ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі:
- Әлемде 115 мемлекетте тәтті сусындарға акциздерді арттыру туралы заң қабылдаған. Соның ішінде, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан және Ресей Федерациясы бар. 2026 жылға дейін денсаулық сақтау жүйесін дамыту концепциясы бекітілген болатын. Соның шеңберінде тәтті сусындарға салық салу көзделген. Біз Дүниежүзілік банкпен бірге сол салықтың түрін экономикалық жағынан зерттеп жатырмыз. Сәйкесінше ұсынымдарымызды әзірлеп, оны Қаржы және Ұлттық экономика министрліктеріне жолдадық. Қазір орталық органдармен талқыланып жатыр".