Ұшақ апатынан тірі қалған сегіз науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды

Маңғыстау облысының көпбейінді ауруханасына түскі сағат 12-ден бастап, әуежайдан 27 науқас жеткізілді.

Оның 11-і жалпы жан сақтау орталығына жатқызылды. 16-сы хирургия, нейрохирургия, травмотология бейіндері бойынша ем қабылдап жатыр. Жоғарыда айтылған 11 науқастың 8-і өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Екеуінің жағдайы өте ауыр, дейді дәрігерлер.

Жанар Байманова, облыстық көпбейінді ауруханасы медициналық қызмет сапасын қадағалау бөлімінің басшысы:

- Қабылдау бөлімі деңгейінде, қызыл аймақ, сары аймақ травматологиялық пункт деңгейінде толыққанды тексерулер жүргізілді. Нәтижесінде бөлімшелерге науқастар жатқызылды. Ал емдеу барыстары жалпы жан сақтау бөлімінде қарқынды түрде жүргізілуде. Жағдайлары өте ауыр. Операция бір ғана науқасқа жасалынды. Себебі қалған науқастар жағдайлары тұрақталғаннан кейін ғана операция жасау жоспарда бар.