Биыл ауылдарда 195 медицина нысаны салынады

Биыл ауылдарда 195 медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысаны салынып, пайдалануға беріледі.

Былтыр елді мекендерде 460 медициналық нысанның құрылысы аяқталған. Нәтижесінде бүгінде ауылдық дәрігерлік амбулаториялар мен фельдшерлік-акушерлік бекеттерде алғаш рет телемедицина, физиотерапия кабинеттері мен зертхана, дәріханалар ашылды. Биыл да аудандық ауруханаларды жаңғырту жұмыстары жалғасады. Медициналық жоғары оқу орындарының 4 мыңнан астам түлегі өңірлерге жіберілсе, соның қатарында 1200-ден астам дәрігер ауылдық жерлерге аттанды.