1,2 миллион ауыл тұрғыны жылжымалы кешенде медициналық көмек алды
Біздің ел шалғай ауылдарды қамтуға тырысып жатыр.
Былтыр 360-тан астам елді мекенде медициналық санитарлық алғашқы көмек көрсету нысаны ашылды. Бұдан бөлек алыстағы тұрғындар үшін жылжымалы медициналық кешендер белсенді жұмыс істеп келеді. 2024 жылы 3 мың 72 елді мекеннің 1,2 млн тұрғыны «дөңгелектегі емханалардың» көмегімен дәрігер қабылдауында болып, диагностикалық ем-шараларға қол жеткізді. Жылжымалы кешендер көмегімен бейінді мамандар 1,2 млн. консультация, 656 мың диагностикалық, 333 мың зертханалық зерттеу жүргізді. Нәтижесінде түрлі аурулары бар 95 мың науқас анықталды. Оның 78,3%-ы ересек, 21,7%-ы бала. Кәсіптік тексеру қорытындысы бойынша 33,7 мың ауыл тұрғыны диспансерлік бақылауға алынды.
жылжымалы медициналық кешендер көмегімен көрсетілген медициналық қызметтер
Жеке консультация - 1,2 млн
Диагностикалық зерттеу - 656 000
Зертханалық зерттеу - 333 000
жылжымалы медициналық кешендер көмегімен көрсетілген медициналық қызметтер нәтижесінде
95 000 науқас анықталды
33 700 ауыл тұрғыны диспансерлік бақылауға алынды
Ересектер - 78,3%
Балалар - 21,7%