Былтыр елімізде медициналық авиация мамандары 3684 науқасқа көмек көрсетті
Елде медициналық авиация желісі бойынша өткен жылы Астана, Алматы қалаларынан 2184 ұшу, оның ішінде өңірлерге 1488 ұшу орындалды, деп хабарлайды 24kz.
Ал 12-сі шетелдік бағыттар. Ел ішінде көбіне Ақтөбе, Абай және Қызылорда облыстарына жедел ұшып барған. Негізінен қанайналым жүйесінің бұзылуы, инсульт, балалар патологиясы сияқты түрлі дерттерге байланысты көп шақырту түседі. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту бойынша ауқымды шаралар іске асуда. Ауыл тұрғындарына шұғыл медициналық көмектің қолжетімділігі үшін 195 жедел жәрдем кіші станциясы, сондай-ақ бір ауысымда 585 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді, 887 бірлік санитариялық автокөлік жұмылдырылған.