Елде 1100 адамға жүректің қолқа қақпашасын емдетуге операция жасалды
Қазақстанда жылына 350-ге жуық жүректегі қолқа қақпашасын алмастыру жүргізіледі, деп хабарлайды 24KZ. Бұл жоғары технологиялық операция қазір елдің әр өңірінде қолжетімді. «Бұл денсаулық сақтау саласы деңгейінің көрсеткіші», – дейді мамандар.
Қолқа – жүректен шығатын ірі қантамыр. Сол қантамыр жұмысында ақау шықса және басқа аурулармен қатар болса, пациенттің жүрегіне ашық операция жасау қауіпті. Мұндай жағдайда қолқа қақпақшасын ауыстыру рентгендік бақылаумен жамбас артериясын тесу арқылы жасалады. Бірақ ең бастысы жүректі тоқтатпай және жасанды қан айналымын пайдаланбай орындалады. Медицинада бұл операцияны ТАVI деп атайды.
Нұрсұлтан Таналиев, UMC жүрек орталығының интервенциялық кардиология бөлімшесінің дәрігері:
- ТАVI деген – транскатеторлық жолмен аорта қақпақшасын алмастыру. Яғни шағын инвазивті. Шаб арқылы жасалынатын операция. Бұл кезде науқасқа күрделі наркоз жасалынбайды. Жергілікті жансыздандыру арқылы жасалынатын операциялар. Бұл опеарциядан кейін науқастар реабилитациялық емді қажет етпейді. Ертесіне тұрып, жүріп, екі күннен кейін үйге де шығаруға болады. Сондықтан науқастар үшін өте ыңғайлы.
Бұл технология бізге Еуропа елдерінен келген. Алғашқы жоғары технологиялық операция 2001 Францияның Тулуза қаласында жасалған. Бұл кардиохирургия саласындағы революция болды. Кейні қазақстандық дәрігерлер Франция, Германия, Швейцарияда оқып, осы методиканы меңгеріп, кейін елде енгізді.
Абдурашид Мусаев, UMC жүрек орталығының катетеризация зертханасының меңгерушісі, интервенциялық кардиология дәрігері:
- Жыл сайын осындай процедуралар саны артып келеді. Былтыр 200-ден астам қолқа қақпақшасын транскатетерлік имплантациялау жасалды. Бұдан бөлек, бізде оқыту орталығы жұмыс істейді. Онда Қазақстан мен алыс-жақын шетелден келген дәрігерлердің кәсіби біліктілігін арттырады. Бұл Армения, Грузия, Россия, Беларусь, Индия, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан мамандар оқуға келді. Қазақстанлық дәрігерлер шетелдік әріптестерімен тәжірибесімен бөліседі.
2012 жылдан бері орталықта 1100-ден астам қолқа қақпақшасын транскатетерлік имплантациялау жүргізілген. Негізінен бұл методика 65-70 жастан жоғары пациенттерге қолданылады. Тағы бір ерекшелігі, науқастар тез қалпына келеді. Бүгінде қолқа қақпақшасын транскатетерлік имплантациялау Қазақсанның 12 клиникасында қолжетімді. Өзге клиникалардағы мамандардың көпшілігі жүрек орталығында осы технологияны оқып үйренген.
Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова, Мадияр Қындыбаев.