Елімізде балалар несеп-жыныс жүйесінің туа біткен ақаулары көбейді

Елімізде соңғы уақытта балалардың несеп-жыныс жүйесінің туа біткен ақаулары көбейіп кеткен. Дәрігерлер осылдай деп дабыл қақты. Мәселен, Ана мен бала орталығында өткен жылы мың жарымға жуық балаға осындай операция жасалған. Сондай-ақ мұнда балаларға бүйрек алмастыру отасы да жасалады.

Әнел Әубәкірованың ұлына дәрігерлер туғалы қуық экстрофиясы диагнозын қойған. Несеп жолындағы жарықшағына 9 айында бірінші операция жасалыпты. Енді жоспарлы екінші отасына дайындалады.

Әнел Әубәкірова, қала тұрғыны:

- Бізде бала туғалы бері «экстрофия мочевого пузыря», баланың қуығы сыртында болып туған. 9 айлығында операция болды 8 сағаттық. Барлығы сәтті аяқталды, қазір баламның жағдайы жақсы, екінші кезеңді күтіп жүрміз, 3 жасына қарай болады.

Елордадағы Ана мен бала орталығында жылына мыңнан астам балаға осындай ота жасалады. Дәрігерлер қазір несеп-жыныс жүйесінің туа біткен ақаулары көбейіп кеткеніне алаңдаулы. Сондықтан жүктіліктің алғашқы үш айында жас аналарға барынша күтіну қажеттігін айтады. «Себебі туа біткен аурулардың көбі жатырда жатқанда анықталады», – дейді. 

Ардақ Айнақұлов, UMC Ана мен бала орталығының бөлім меңгерушісі:

- Бұл жерде басым көпшілігі туа пайда болған жоғарғы, төменгі зәр шығару жолдарының ақауларымен жатады. Аты атап тұрғандай, туа пайда болған ақаулар. Олардың баплығы алғашқы 3 айда жатырдың ішінде қалыптасады. Сондықтан бұның бірден-бір алдын алу жолы жас аналарға айтарымыз алғашқы жүктілік кезінде 3 айлығында өзін-өзі сақтап, салқыннан сақтану, әртүрлі тұмаудан сақтанып жүру керек, стрестен сақтанып жүру керек.

Баланың несеп-жыныс жолындағы ақаулар елімізде тегін емделеді. Ал Ана мен бала орталығына тіпті алыс-жақын шетелден келіп операция жасатқандар бар. 

Авторлары: Айнұр Қуатқызы Нұрсұлу Өмірхан , Ыстанбек Оспанов.