Ақтауда жедел медициналық жәрдем станциясы салынады

Ақтауда қайтарылған активтер есебінен облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы салынады, деп хабарлайды 24KZ. Жобаға үкімет арнаулы мемлекеттік қордан 4,6 млрд теңге бөлді. Медициналық мекеме 100 мың шақыртуға дейін қызмет көрсете алатын болады. Нысан құрылысы 2,6 гектарды құрайтын жер учаскесінде жүргізіледі. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.

Айта кеткен жөн, Маңғыстау облысы елімізде туу көрсеткіші бойынша көш бастап тұр. Оған қоса соңғы 7 жыл ішінде қалада 10 жаңа шағынаудан салынған. Ал жаңа станция халықты қолжетімді әрі сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бибізада Дүйсенбаева, Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Енді осы жедел жәрдем стансаның ашылуы күрделі 3 мәселені шешеді. Біріншіден, тұрғындарға көмек көрсету уақытын азайтады. Көмек көрсету уақыты ұзартылып кетіп отырса, бірнеше есеге азайтуға мүмкіндік береді. Екіншіден, бізде болмаған өзіндікорталығы болады. Үшіншіден, тозып кету 75% деп айтып отырмыз. Техникамен бірге автокөліктердің жаңартылуын біз осы жаңа объектінің құрылысымен тығыз байланыстырып отырмыз.