Шымкентте тұрғын үйлердің ауласы тазартылды
Шымкентте «Таза бейсенбі» экологиялық акциясында көп қабатты тұрғын үйлердің ауласы тазартылды.
«Amanat» партиясы аймақтық филиал өкілдерінің ұйымдастыруымен жүздеген адам күл-қоқысты жинады. Ирригациялық жүйелерді аршып, көгалдың күтімін жасады. Экобелсенділердің мәліметінше, жыл басынан бері ондаған тонна қоқыс жиналды.
Ербол Байқоныс, "Amanat" партиясы қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары:
- Шымкент қаласы тұрғындарын тазалыққа шақырып жүрміз ғой. Өзімізде бастама көтеріп, осындай жерлерді тазалап жүрміз. Алдағы уақытта Шымкент жасыл қала ғана емес тазалыққа шақырғанның нәтижесінде таза қалаға айналамыз деп есептеймін.