Астанада кәсіподақтар федерациясы сенбілік өткізді
Кәсіподақтар федерациясы «Таза Қазақстан» жобасы аясында еліміздің әр өңірінде экологиялық науқан өткізді.
Игі шара Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығына және Федерацияның құрылғанына 35 жыл толуына орайластырылды. Осыған байланысты елордадағы сенбілікте ұйымның орталық аппаратының қызметкерлері 35 түп ағаш екті. Тұран көшесі бойындағы тұрғын үй кешені айналасын қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Сатыбалды Дәулеталин, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы:
- Бұл біздің болашағымызға деген үлкен көзқарас. Бұл еліміздің рухын көтеретін іс-шара. Бұл экологиялық мәдениетті қалыптастырады. Жалпы Президентіміздің «Таза Қазақстан» бастамасын бүкіл ел қолдап, елімізді біріктіріп отыр.