Атырау облысында қоқыс сұрыптайтын кешендер салына бастады

Атырау облысында биыл қоқыс өңдеуге арналған 5 жоба қолданысқа беріледі.

Солардың бірі Индербор кентінде жылына 5 мың тонна қалдық қабылдайтын кешен. Осыдан төрт жыл бұрын полигон аумағына қоқыс  сұрыптайтын қондырғы орнатылған. Бірақ ол әлі іске қосылған жоқ. Жалпы өңір үшін тұрмыстық қалдықтар мәселесі өте өзекті. Индер ауданының өзінде 130 тоннаға жуық қоқыс үйіндісі бар. Болашақта олар аудан орталығы мен Еспол ауылдық округіне тасымалданып сұрыпталады.

Шапағат Ғаббасов, Индер аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы:

- Қазіргі уақытта сұрыптау кешенінің іске қосылмай тұрған себебі бұл полигонға дейінгі инженерлік инфрақұрылым жобалық сметалық құжаттамасы жасақталуда. Осы ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айларында толықтай бітеді деп жоспарлануда. Қазіргі таңда Индербор кентінен тәулігіне 10-15 тонна қатты тұрмыстық қалдық шығады. Алдағы уақытта осы кентке жақын елдімекен, ауылдардан осы полигон орталығына, сұрыптау кешеніне тасымалдау жоспарда.