Шымкентте жасыл желек қурап жатыр
Шымкентте жаз басталмай жатып жасыл желек қурап жатыр.
Гүлзарда гүлдер солып, ағаш жапырақтары сарғайып кеткен. Сарапшылар мұны күннің қатты ысуымен байланыстырады. Десе де, себеп бұл ғана ма?
Шымкент қаласының орталығындағы бұл алаң қазір құдды бір күзгі пейзажға ұқсайды. Жаз енді басталып жатса да мұндағы жасыл желек толығымен қурап қалған. Оған қоса үйілген қоқыстан да көз сүрінеді.
БЛИЦ
- Это бюджетные деньги.
- Қазынадан қаржы бөлінгесін бәрін дұрыстап күтіп ұстау керек қой. Барлығын уақытылы суарып тұру қажет.
- Его восстанавливают.
- Жасыл желектерді жыл сайын егеді. Бірақ күтімі дұрыс емес.
Ал мамандар өсімдіктердің қурап қалуына күтіп, баптаудан бөлек күн райы да әсер еткенін айтады. Сондай-ақ орталық алаңдардағы қызмет көрсету жұмыстарына қатысты да мәселе бар.
Абдолла Исатөре, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының бас маманы:
- Бізде «Манеж» скверін 2025 жылы біз мердігер мекемемен бір жыл келісім шартқа тұрып, күтіп ұстау жұмыстарын жүргізбенбіз. 25 жылға дейін қараусыз қалған скверге жатқан. Қазіргі таңда келісім-шарт аяқталуына байланысты мемлекеттік сатып алу конкурсына жарияланды. Алдағы уақытта жеңімпаз анықталып, қайта қалпына келтіру және күтіп ұстау жұмыстары жүргізілетін болады.
Алтай Ордабеков, "Байтақ" жасылдар партиясы филиалының төрағасы:
- Мердігер ұйым анықталғанша жағдай мүлдем қиын болып кетуі мүмкін. Өйткені жасыл желекке қазір күтім керек. Менің ойымша, бұл процесті жеңілдеткен дұрыс. Келісім-шартқа бір жылға емес, бірден бес-алты жылға отырған абзал.
Мемлекеттік сатып алу порталының деректеріне сәйкес, ShymCity, "Сәуле" және "Манеж" саябақтарын күтіп ұстауға арналған байқау 9 ақпанда жарияланды. Кейін ол белгісіз себептерге байланысты жойылған. Ал наурыздың 31 күні құны 238 миллион теңгеден асатын лот қайта жарияланды. Жаңартылған құжатта ағымдағы жөндеу жұмыстары да қарастырылған. Ал мердігер ұйым тек конкурстық рәсімдер аяқталғаннан кейін белгілі болмақ. Бір өкініштісі, сарғайып бара жатқан саябақтардың ешқандай конкурс нәтижесін күтпейтіні ақиқат.
Абзал Азаматұлы, Катерина Попкова, Нұрмахан Мұсатов