Астанада өңірлік экологиялық саммит өтеді

Орталық Азия елдері жаһандық климат өзгерісіне қарсы тұру үшін күш біріктірмек. Осы мақсатта Астанада 22-24 сәуір аралығында өңірлік экологиялық саммит өтеді.

Ондағы мақсат – ортақ экологиялық саясат қалыптастыру. Алқалы жиынға түрлі мемлекеттердің үкімет мүшелері, халықаралық ұйымдар, қаржы институттарының өкілдері қатысады. Кездесу барысында климаттың өзгеруіне бейімделу, жасыл экономиканы дамыту, экологиялық жобаларға инвестиция тарту және өңірлік ынтымақтастық мәселелері талқыланады.