Қазақстанда ауа райы күрт суытады: қар мен көктайғақ күтіледі

Фото: depositphotos.com

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы күрт өзгереді. «Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамынша, 3-5 қазан аралығында ел аумағына солтүстіктен қуатты циклон келіп, жаңбыр мен қар жауады. Жел күшейіп, кей өңірлерде көктайғақ пен бұрқасын болады, деп хабарлайды «24KZ».

Қазгидромет мәліметінше, республиканың басым бөлігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі.

Кезеңнің соңына қарай Қазақстанның солтүстігінде түнде қар жауып, көктайғақ пен төмен бұрқасын болуы мүмкін. Ал оңтүстік және шығыс өңірлерде негізінен жаңбыр жауады.

Еліміздің батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Республика бойынша желдің күшеюі болжанып отыр.

Ауа температурасы да төмендейді. Қазақстанның солтүстік жартысында түнде ауа температурасы -1-ден -6°С-қа дейін төмендейді.

Күндізгі ауа температурасы:

·         солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта — 0,+5°С;

·         шығыста — +7+12°С;

·         оңтүстікте және оңтүстік-шығыста — +10+15°С;

·         таулы аудандарда — 0,+5°С.

Қазақстанның батысында күн салыстырмалы түрде жылы болады. Мұнда ауа температурасы +10+18°С-қа дейін көтеріледі.

Мамандар ауа райының күрт өзгеруіне байланысты тұрғындарды сақ болуға шақырады.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз.

Сондай-ақ оқыңыз: