Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды
Көктайғақ, ұйытқыған жел мен қар. Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылады.
Осыған байланысты елдің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды.
Қазақстанның оңтүстік-батысы, солтүстік-батысы, солтүстігі мен орталығында қар мен жаңбыр жауады.
Астанада жел екпіні секундына 30 метрге дейін жетеді.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында және Түркістанның таулы аймақтарында да қатты жел тұрады.
«Қазавтожол» мекемесінің хабарлауынша, тасжолдар әзірге ашық.