Киік аулау. Жоспар орындалмай жатыр

Батыс Қазақстан облысында 20 мыңнан астам ақбөкен ауланды.

Қазанның ортасынан бастап желтоқсанның 10-на дейін 3 бригада киікті тор құрып ұстады. Тағы 15 бригада түнде мылтықпен атып алды.

Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ғалымдары әзірлеген биологиялық негіздемеге сәйкес биыл дала жануарының 20%-ы, яғни 226 мың киік аулануы керек еді. Алайда жоспардың оннан бірі де орындалмады. Оған себеп аңшылардың тәжірибесі жетпеді және ет комбинаты тапшы. Келер маусымға ерте қамданып, осы олқылықтың орнын толтыруымыз керек, - дейді мамандар.

Нұрлан Рақымжанов, БҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының басшысы:

- Биыл мол тәжірибе алды тиісті мекемелер. Енді келесі жылға әзірлік басқаша болады деп есептеймін. Басқаша дегенде мана айтқандай көбінесе өзіміздің ет комбинаттарын тарту керек, далаға алысқа апармай. Олар енді жалпы келісімін беріп тұр. Енді оны өңдеу керек қой. Консерв жасау, тағы басқа сол тиімді болады деп есептейміз.