Ақтауда аққу қырылды
Маңғыстау облысында Қаракөл көлінің жағасынан 30 шақты аққудың өлексесі табылды.
Бұл туралы Үстірт мемлекеттік тибиғи қорығы хабарлады. Мамандар құстар қырылған жерге барып, қажетті сынамаларды алды. Қазір Алматыдағы Микро-биология және виру-сология ғылыми өндірістік орталығында тиісті зерттеулер жүргізілуде. Зертханалық тексеру нәтижесінен кейін, аққулардың неден қырылғаны белгілі болады,-дейді мамандар. Өңірде былтыр да осындай жағдай тіркелді. Ол кезде мамандар аққулар, құс тұмауынан қайтыс болды деген қорытындыға келген. Қазір Қара-көлді 6 мыңға жуық аққу мекендейді.
Ғаббас Досатов, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы:
- Өлген аққулардың 70-80 пайызы аққу құстарының балапандары. Кеше мамандар институттан келген құсты жарып, кесіп қараған кезде аққу балапандары әлі май жинап үлгірмеген. Осы кезде олар май жинап, қысқа дайындалып, солай келу керек. Сондықтан инспекцияның болжамы бойынша өте қатал табиғатқа шыдамай, қоректерін таба алмай, май жинамаған әлсіздері осылай өлген болуы мүмкін.