Жер-су ғарыштан бақыланады
Ауыл шаруашылығы саласы келер жылдан бастап ғарыштан бақыланады.
"Жер инспекторы" платформасы арқылы шүйгін жерлер мен су саласына қадағалау күшеймек. Демек, мамандар шаруашылықтардың жай-күйін ел араламай-ақ, кеңседен біліп отырады.
Биылдың өзінде 7 мемлекеттік органға ғарыштан 35 түрлі қызмет көрсетілді. Бұған қазір 3 ғарыш аппараты жұмылдырылған. Саланы одан әрі серпілту үшін 2026 жылы тағы 3 жерсерік ғарышқа аттанады.
Айта кетейік, спутниктер Қазақстанда құрастырылады.
Баубек Оралмағамбетов, ҚР Аэроғарыш комитетінің төрағасы:
- Астанамызда ғарыш аппараттарын құрастыру өнеркәсібі іске қосылды. Сол кешенде жасалатын ең күрделі жобаның бірі – Казеосат МР атты жоба. Бұл жоба жерді қашықтан зондтау жүйесі. Жүйеге 3 спутник кіреді. Оны құрастыруды, сынауды Қазақстан инженерлері жасайды. 3 аппаратты осы кешенді құрып, сынап іске қосу 2026 жылға жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, отандық мамандар аспан әлемін зерттеуді қолға алмақ. Негізінен ғарыштың адам физиологиясына әсері, өсімдіктердің жаңа селекциясын жасау сынды мәселелер қаралады. Ғалымдар зерттеу бағдарламасының бағытын толық бекіткен соң, ғарышқа адам жіберу мәселесін қарастырады. Яғни, жұмбақ жерден ашылмаса, көп ұзамай тағы бір отандасымыз ғарышқа аттануы бек мүмкін. Алайда бұл – уақыт еншісіндегі мәселе.