Қатты жел балабақшаның шатырын ұшырып кетті

Ақтауда көтерілген қатты жел балабақша шатырын жұлып түсірді.

Оқиға бүгін түнде болған. Оның бейнекөрінісін тұрғындар әлеуметтік желілерде жариялап жатыр.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, желдің екпіні секундына 21 метрге дейін күшейген. Жерге құлаған шатыр ғимарат жанында тұрған 6 көлікті зақымдады. Зардап шеккендер жоқ.