Астанадан шығатын бірнеше жол жабылды

Астанадан бірнеше бағытқа шығатын тас жолдар жабылды.

Синоптиктердің хабарлауынша, Ақмола облысының аумағында бүгін қалың қарлы боран, көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні күндіз секундына 30 метрден асады. Осыған байланысты Республикалық маңызы бар жолдардың төрт учаскесінде көліктің барлық түріне қозғалыс шектелді. 

Сонымен қатар, бүгін Астана мектептерінде екінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.