Су тасқыны. Қауіп әлі сейілген жоқ

Қар суынан зардап шеккен халыққа көмекке 20 мың ерікті жұмылдырылды.

Әр аймақтарда өңірлік волонтерлар фронт-кеңсесі құрылып, call center жұмыс істеп тұр.

Соңғы ақпаратттарға сүйенсек, су тасқыны кезінде қауіпті аумақтардан 12 мыңнан аса адам эвакуацияланды. Оның 5 мыңы бала. Қазір уақытша паналау пункттерінде 7 мыңға жуық жан бар.

Тағы бір айта кетерлігі қауіп әлі сейілген жоқ. Жауапты салалармен бірге комуналдық қызмет те күні-түні арпалысып жатыр.

Тасқын басталғалы 4,5 млн текше метрден астам су сорылған.