"Таза Қазақстан" акциясы басталды
Елде "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы бастау алды.
Оның аясында жұманың әр күні табиғатты аялау іс-шараларына арналмақ.
Мәселен, науқанның бірінші аптасы "Таза өлке" деп аталып, тұрғындар, қоғам белсенділері мен мекемелер өз аула-жайын тазартуға кіріседі.
Одан соң "Киелі мекен" апталығы кезінде қала аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер аумағы абаттандырылады.
Ал "Жасыл аймақ" апталығында ағаш егу жұмыстары жүргізіледі.
Жас буын "Өнегелі ұрпақ" апталығы кезінде ардагерлер мен Қарттар үйінің ауласын жинап, қолғабыс жасайды.
Ал акцияның соңғы аптасы "Мөлдір Бұлақ" тақырыбымен өтіп, өзен-көл жағасы тазартылады.