Су тасқыны. Шығыс бақылауда
Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары мұз көшкінін көлікпен ілесіп бақылап жүр.
Алтай мен Қатон-Қарағай тауынан аққан мол суды арнайы мамандар тобы тәулік бойы қадағалау үстінде. Ең басты міндет – мұз кептелісін болдырмау. Тау мұздықтарындағы ахуал ұшқышсыз аппараттар арқылы әуеден де бақыланады.
Өңір аумағының 60%-ін әлі қалың қар басып жатыр. Әсіресе облыстың 5 ауданындағы жағдай алаңдатарлық.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің соңғы мәліметіне сүйенсек, 5 ірі су қоймасы 62%-ке толған. Су әлі де құйылып жатыр. Таяу күндері шығыста жаңбыр жауады деп болжанып отыр.
Дмитрий Поликанов, ШҚО ТЖД жедел құтқару бөлімшесінің құтқарушысы:
- Қатон-Қарағай ауданының Коробиха ауылынан өтіп жатқан сең қозғалысын мамандар күндіз-түні қадағалап келеді. Мотопомпа, автокөлік және жүзу құралдарымен жабдықталған құтқарушылар жағдайды ұдайы жедел штабқа баяндап отыр.