9 өңірде төтенше жағдай жарияланды
Бүгінге дейін еліміздің 9 өңірінде жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды.
Су басқан аймақтардан 8 млн текше метрден аса еріген қар суы сорылды. Апат орындарына мың қапшық пен мың тоннадан аса инертті материал төселген. Құтқару жұмыстарына 16 мың адам жұмылдырылды. Олар 85 мыңға жуық тұрғынды қауіпсіз жерге көшірді. Оның 30 мыңы бала. Эвакуациялау орындарына 8349 адам орналастырылды.
Ерасыл Сайпаш, ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері:
- Еліміздің Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысы қатарлы 9 өңірінде жергілікті ауқымдағы 29 ТЖ әрекет етеді. Жедел желі телефондарына 1 129 қоңырау келіп түсті, 76 шұғыл психологиялық көмек көрсетілді. 20 өңірде республикалық және облыстық жедел штабтар жұмыс істейді.