«Таза Қазақстан». Волонтерлер 30 тонна қоқыс жинады
Республикалық «Таза Қазақстан» акциясының «Таза өлке» апталығы аясында Түлкібас ауданында тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Аудан әкімі Н.Ізтілеуовтің тапсырмасына сәйкес, елді мекендердегі арық-атыздар, аулалар мен көшелер тазартылды.
Қоқыс-қалдықтарды шығару жұмыстары ауданның 15 ауылдық округінде жүргізіліп, акцияға белсенді волонтерлер мен жастардан құралған жалпы саны 450 адам қатысты. Тазалық жұмыстары барысында 30 тонна күл-қоқыс шығарылды. Сонымен қатар жастар аудан тұрғындарын тазалықты сақтап, көшет егу жұмыстарын бірлесе атқаруға шақырды.