«Таза Қазақстан». Жұмыс істемеген бала жақсы адам болмайды
Шымкенттіктер «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде саябақтар мен қоғамдық орындар, өзен-каналдардың аумағын абаттандырды.
Көшелерді тазалап, талдардың түбін қопсытып, қоқыс жәшіктері мен орындықтарды сырлады. Бұл игі іске мегаполис ардагерлерінің ұл-қыздары мен немерелері де белсене атсалысты.
Кенжехан Төлебаев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
- Барлық ардагерлер өздерінің немерелерімен келіп, бүгінгі сенбілікке қатысып отыр. Баланы жастан болса, оны жас кезінен бастап жұмысқа баулу керек. Жұмыс істеп, оның нәтижесін көрмеген бала еш уақытта жақсы адам, жақсы маман болып өсе алмайды.