Тазалық сақтауға үйрететін арнайы бағдарлама қажет
Елімізде тазалық сақтау мәдениетін қалыптастыруға арналған кешенді бағдарлама керек.
Мәжіліс депутаты осындай ұсыныс тастады. Мақсат Толықбайдың айтуынша, қарғын судан қорғану үшін тұрғызылған бөгеттер бұзылған соң айналасы күл-қоқысқа толады. Сондай-ақ сай-саладан келген аң-құстан және малдың өлекселерінен инфекция тарап кетуі мүмкін. Сол үшін жемтіктерді залалсыздандыру қажет. Сонымен қатар бұл шаралар бір реттік акция күйінде қалмай, оны күнделікті өмір салтымызға айналдыруға күш салуымыз керек, – деді депутат.
Мақсат Толықбай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Ел Үкіметі қоғамда тазалық сақтау мәдениетін қалыптастыруға арналған кешенді бағдарлама әзірлеп, іске асыруы керек. Оқу-ағарту министрлігі орта мектеп оқушылары арасында «Экологиялық сана» атты ағартушылық сынып сағаттарын өткізуді жолға қойғаны жөн деп есептеймін.