Қазақстанда 5 мыңға жуық экошара ұйымдастырылды

Елімізде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы басталғалы 5 мыңға жуық экошара ұйымдастырылды, деп хабарлайды 24KZ.

Тазалық жұмыстарына миллионнан астам тұрғын атсалысты. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Осы аптада экобелсенділер үлкенге құрмет көрсетіп, ардагерлер үйінің ауласын абаттандыруға белсене қатысты. Акция аясында қарттар үйі мен балалар үйінің аумағына да тазалық жұмыстары жүргізілді. Келесі апта «Мөлдір бұлақ» ұранымен өзен-көлдердің айналасын қоқыстан тазарту жоспарланып отыр.