Бурабай тұрғындары өзен-көлдерді қоқыстан тазалады
Көрікті Бурабай ауданының тұрғындары «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына үн қосып, өзен-көлдердің жағасын күл-қоқыстан тазартты.
Көпшілік суға шомылатын жағажай аумағы да, ретке келтірілді. Тұрмыстық қалдықтарды жинауға 3 мыңға тарта адам жұмылдырылды. Жалпыұлттық экологиялық айлық басталғалы, туристік аймақтан 12 мың текше метр қоқыс шығарылған.
Бурабайлықтар экологиялық акцияда ерекше белсенділік танытты. Тіпті кейбірі отбасыларымен келіп, ортақ іске өз үлесін қосты.
Гүлмайра Имақанова, Бурабай ауданының тұрғыны:
- «Таза Қазақстан» акциясын естіп, үйде отыра алмадық. Киелі Бурабай жерін тазалауға отбасымызбен бірге келіп отырмыз.
Дауылбай Қапезов, Бурабай ауданының тұрғыны:
- Біз осындай акцияларға әрдайым қатысамыз. Бұл көшелер мен аулаларды абаттандырумен қатар жас ұрпаққа үлкен үлгі, тәжірбие. Сондықтан бұл жастардың елге деген, жерге деген патриоттық сезімін оятады.
Жалпы акция аясында туристік өлкедегі 40-қа жуық өзен-көлдердің маңын тазарту жоспарланып отыр. Әсіресе халық көп жүретін аймақтарға басымдық берілген. Бұдан бөлек биыл мұнда 400-ге жуық қоқыс жәшігі орнатылмақ. Өйткені табиғаты көркем Бурабайға жылына миллиондаған адам саяхаттап келеді.
Арай Садықов, Бурабай ауданының әкімі:
- Мына жердін бәрі орман. Орман ішін, бәрін тазартып, көлдердін айналасып тазартып. Өте көп халық келеді ауданымызға. Миллионнан аса турист келеді. Сол үшін біз таза ұстау керекпіз.
«Мөлдір бұлақ» акциясы тек Бурабайда ғана емес, облыстың барлық өңірінде өтті. Оған 60 мыңға жуық адам қатысты. Жалпы облыста жалпыұлттық «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы 70 мың тонна қоқыс шығарылып, 16 мың түп ағаш егілді.
Абзал Балтабаев, Виктор Полянный