Болжам: Шардараға Өзбекстаннан келетін су былтырдан көп болады

Биыл «Шардара» қоймасына жоғарыдан келетін су былтырғыдан көп болады деп болжанып отыр.

Бұл туралы Ташкенттегі «Сырдария» бассейіндік бірлестігінің өкілдері мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан өзара электр қуатын айырбастау жұмысын жүргізіп жатыр. Қырғыз жеріндегі «Тоқтағұл» және Тәжікстандағы «Бахри Точик» қоймаларының режимі жан-жақты бақылауға алынған. «Қазгидрометтің» мәліметіне сай, «Шардараға» қазір жоғарыдан секундына 262 текше метр су құйылып жатыр. Ал «Тоқтағұлда» оның мөлшері 7 млрд 748 млн текше метрге жеткен. Бұл бұған дейінгі деңгейден біршама артық. Жаз айларында күн ысып, мөлшері тағы ұлғаюы мүмкін. Айта кетейік, мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының мүшелері вегетациялық кезеңдегі жағдайды бақылау үшін жылына 4 мәрте кездесуді жөн деп шешкен. Алғашқы басқосу Шымкентте өтіп, мамандардың болжамы нақтыланды. Өткен жылдың қорытындысы баяндалды. Вегетация аралық кезеңде, яғни 1 сәуірге дейін еліміздегі «Шардараға» 10 млрд текше метрден аса су келіп, «Достық» арнасына 492 миллионы жіберілген.

Өзбекстан

Мереке Иманғалиев, «Сырдария» бассейндік су шаруашылығы бірлестігі басшысының орынбасары, /Қазақстан/:

- Шымкентте өткен 86-отырыстың болжамы бойынша Қазақстанның «Шардара» қоймасына 3 млрд 692 млн текше метр су келеді деп болжанып отыр осы вегетация кезеңінде. Былтыр одан аз алғанбыз. Бірақ 3 млрд келетін болса, жету керек. Қыста жиналған су бар, вегетацияаралық кезеңде жиналған су бар.