Су тасқыны. Индердегі ахуал бақылауда

Атырау облысы Индер ауданындағы ахуал бақылауда.

Жайық өзенінің деңгейі әлі көтеріліп жатыр. Кеше түнде аудан орталығы Индербор кентінде Жайық өзеніне салынған бөгеттің іргесіндегі құбырдан су кеткен болатын. Қазір қосымша бөгеттер салынып, шыққан суды қайтадан Жайыққа ағызып жатыр.

Бұл жұмыстарға 30 техника, 20 су айдау құрылғысы және 300-ден астам адам жұмылдырылды. Қауіпсіздік үшін электр желісі ажыратылды. Қазір Индербор кентінің бір бөлігі жарықсыз отыр. Облыс орталығынан қосымша техникалар тартылды.  Индербор кентіндегі Жайық өзенінің деңгейі - 1036 сантиметрге жетті.

Дарын Шамұратов, Индер ауданының әкімі:

- Қазіргі уақытта шыққан су тұйықталды. Бұл су бұрынғы, ескі құбырлардан кетіп жатыр деген болжам бар. Қазіргі уақытта оны ашып, қараудың мүмкіндігі жоқ. Қазір толықтай тұйықталып, бақылауға алынды. Қазір 3 деңгейлі балдарды соғу жұмыстарын ұйымдастырудамыз.