Су тасқыны. Сарайшық үшін күрес жүріп жатыр

Атырау облысы Махамбет ауданындағы Талдыкөл және Сарайшық ауылдары қауіпті аймақта.

Қазір елді мекенде жағалауды бекіту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Талдыкөл ауылының тұрғындары сақтық үшін эвакуацияланды.

Аудандағы ахуалды әріптесім Асланбек Шығыр тікелей эфирде баяндауға әзір.

Біз қазір Махамбет ауданындағы Сарайшық ауылындамыз. Біз тұрған жер көне Сарайшық қаласының орыны. Археологиялық қазба жұмыстары да осы жерде жүргізілген. Қазір тарихи маңызды орынды сақтап қалу үшін жаға бекіту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Сарбаздар, төтенше жағдайлар департаментінің мамандары, ауыл тұрғындары үздіксіз жұмыс істеп жатыр.

Қазір қоршауды бекітуге кірісті. Өйткені су деңгейі көтеріліп, қоршау құлайын деп тұр.

Жалпы Сарайшық ауылында 13 шақырымнан аса бөгет салынды. 3000-ға тарта тұрғын бар. Бөгет салынған аумақ 8 учаскеге бөлініп, кезекшілік ұйымдастырылған. Эвакуациялық пункт те дайын. 600-ге жуық орын әзір тұр. Махамбет ауданына жан-жақтан көмек келіп жатыр. Қазір менің жанымда Маңғыстау облысынан келген 25/744 әскери бөлімінің взвод сержанты Нұрым Рахметұлы тұр.

Нұрым Рахметұлы, 25/744 әскери бөлімінің взвод сержанты:

Махамбет ауданында қауіпті аймақтың бірі – Талдыкөл ауылы.

Кеше түнде ауылға кірер жолды су басу қаупі болғаннан кейін ауыл тұрғындары эвакуацияланды. 146 тұрғын қауіпсіз аймаққа көшірілген. Облыс орталығында эвакуацияланған тұрғындарды орналастыру үшін екі пункт әзірленді. Қарттар, мүгедектер, балалар мен жүкті әйелдер көшірілген.

Ал ауыл азаматтары жаға бекіту жұмыстарына атсалысып жатыр. Жалпы Махамбет ауданында су деңгейі бір тәулікте 14 сантиметрге көтеріліп, 980-ге жетті.

Ал Индер ауданында Жайық өзені деңгейінің, ағыстың бәсеңдегені байқалады.

Асланбек Шағыр, 24.KZ